АУДАН ӘКІМІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
133

№ 83 орта мектепте өткен басқосуда Серік Сағитжанұлы жыл көлемінде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты.
«Ауданда индустрия инновациялық даму мемлекетік бағдарламасының ІІІ-бесжылдығы аясында 9 жоба енгізіліп, оның 2-і іске асты. Қазіргі таңда жалпы құны 160 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 1352 адамды жұмыспен қамтитын 7 жоба жүзеге асырылуда.
Бұдан бөлек, биылдың өзінде біріңғай индустрияландыру картасына қосымша жалпы құны 5 млрд 674 млн. теңге болатын, 5 жоба енгізу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Нысандар іске қосылғанда 500-ге жуық жергілікті азамат жұмыспен қамтылатын болады», - деп жасалған жұмыстарды тізбектеп өтті.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірнеше мәселе көтерілді. Түнгі жарық пен ауыз су ағысының төмендігі жөнінде ұсыныстарын білдірді.
