Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай құттықтауы
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай құттықтауы, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыздың «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналығында терең мән бар. Адам баласы өмір жолындағы алғашқы қадамын, биікке бастар талпынысын отбасында жасайды.
Қазіргі қоғамдағы отбасы рөлі туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды «Адал азаматқа» тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады» деп атап өткен болатын.
Қазақта «отбасы», «қарашаңырақ» ұғымдары қашаннан киелі саналады.Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету дәстүрі отбасында қалыптасады, тәлім-тәрбиенің сабақтастығы жалғасын табады.
Мерейлі мереке күні әрбір шаңыраққа шаттық, бақ-береке және ырыс-несібе тілеймін!
Әр отбасының іргесі берік, бірлігі бекем болсын!