Туған қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды
1 137
Ақтөбеде қызын зорлаған 48 жастағы ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қылмыстық іс Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Іс материалына сүйенсек, 48 жастағы ер адам Қостанай облысының тумасы, орта білімді, тұрақты жұмысы жоқ. Оған Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігімен айып тағылды.
"Сотталушы айыпты деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Педагогикалық және жасөспірімдермен жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылсын. Жазасын өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесі деп белгіленсін. Психотропты заттарды тұтынуына байланысты психиатрға мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілсін", - деді судья Н.Бақтығалиев.
Тағы да оқыңыздар
«Таза қала» Қызылорда
1 504