РФММ асханасында бактерия табылды: Оқушылар жаппай улануда
Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебін (РФММ) тексеру барысында тамақ пен ыдыс-аяқтан ішек таяқшасы тобындағы бактериялар, ал асблоктың төрт қызметкерінен алтын түстес стафилококк анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Аталған қызметкерлер уақытша жұмыстан шеттетілді.
Микробтық ластанудан бөлек, өнімдерді сақтау ережелерін бұзу, қажетті құжаттардың болмауы және асхана құралдарында таңбалаудың жоқтығы анықталды. Сондай-ақ дезинфекциялық сұйықтық нормативтерге сай болмай шыққан. Ведомство мәліметінше, ауырған балалардың барлығы инкубациялық кезеңде мектеп асханасынан тамақтанған. Олардың басым бөлігі жағдайының нашарлауын тауық рулеті мен бешбармақпен байланыстырды. Дегенмен жаппай уланудың нақты себептері әлі толық анықталған жоқ.
Осыған байланысты 13 қазандағы қаулымен мектеп асханасының жұмысы 60 күнге тоқтатылып, екі әкімшілік хаттама толтырылды. Асханаға кемшіліктер толық жойылып, қайта тексеру жүргізілгеннен кейін ғана жұмысын жалғастыруға рұқсат етіледі.
Қаз
Рус






