"Аяғын жолдың шетінен таптым": Өскеменде иттер талап тастаған қыздың анасы оқиға жайлы айтып берді
524
Өскеменде көз жұмған 6 жастағы қыздың анасы қайғылы оқиға жайлы айтып берді. Болжам бойынша марқұмды иттер талап өлтірген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, қайғылы жағдай "Красинец" бау-бақша серіктестігінің аумағында болған. Алған жарақаттарға қарағанда қызға жануар шабуыл жасаған."Сол күні Маша далаға ойнауға шыққан. Үйден алысқа кетпеуін, қайтып келген соң торт жасайтынымызды айттым. Бірнеше минуттан соң Маша кіріп, қолғаптарын киді, сосын қайта далаға шықты. Үйді жинастырып, емшектегі баланы ұйықтаттым. Терезеден қарағанда Маша итіміз Шерханмен ойнап жүрген. Сосын кілемшелерді қағуға шыққанда Машаны үйге кірсін деп шақырдым. Сол кезде кішкентай балам оянып кетті. Ұйықтатып, терезеге қарағанда Машаның иттің жанында жатқанын көрдім. Аяқ-киімсіз жүгіріп шықтым. Басында тек Машаны тайып құлап, есінен танып қалды деп ойладым. Жүгіріп келсем, күртешесі жыртылған. Қан. Қызымнын аяғы тізесінен жоқ", - деп еске алды марқұмның анасы Дарья Орлова.
"Оны ұстап, сілкілей бастадым. “Маша! Маша!” деп айқайладым. Ол кезде әлі жылы еді. Қалайша? Иттің де, айқайлаған дауыстарды да естімедім... Адамдар келе бастады. Полиция келді", - дейді Дарья.
Орловтар отбасының көршілері ешқандай дауысты естімегенін айтады.
"40 полицей болды. Барлық ізді таптап тастағандықтан, баланың аяғын таба алмадым. 18 желтоқсан күні басқа иттер аяқты алып келген секілді, сол жерде қанның іздері болды. Іздерді қарай бастадым, бірнеше сүйек тауып алдым. Сосын Шерханға қызымның шұлығын иіскетіп едім, мені аяқ жатқан жерге, жолдың шетіне алып келді", - деп еске алды анасы.
Дарья Орлованың сөзінше, бұл аймақта иттер көп жүреді. Көпшілігін иелері босатып қояды екен.
"Менің ойымша, баламды біреудің иті немесе жабайы аң талаған. Бізде алабай ұстап, ит төбелесіне қатыстыратындар бар. Олар жекпе-жек алдында екі-үш күн тамақ бермейді. Мұндай ит босап кетсе, одан не күтуге болады?.. Бәлкім қаңғыбас иттер шығар. Мүмкін қасқыр. Жақында ауылдың тұрғыны қараңғы кезде қасқыр көріпті", - деп мәлімдеді ол.
Дарьяның айтуынша, қайғылы оқиғадан кейін иттерін өлтірмекші болған, алайда отбасы бұған жол бермепті.
Сонымен қатар қызы пластилиннен жақ сүйегін жасап әкелген. Ал бала көз жұмған соң тырнақтары бар аяқ бейнеленген Маша салған сурет табылған.
Жануарларды қорғау ұйымындағылардың айтуынша, баланың өлімінен кейін Өскеменде бақылаусыз жүрген иттерді бақылау күшейген.
"Ит иелеріне айтарымыз: жануарларды байлауда ұстаңыздар және жақсы қоршалған жерде болсын. Егер жануар қашып кетсе, бірден ветеринарлық ауруханаға, жануарларды қорғау ұйымына хабарлаңыз. Әлеуметтік желіде жоғалған ит туралы ақпарат таратыңыз. Ветеринарлық төлқұжат болмаса, тез арада жасату қажет. Егер итті атып тастайтын болса, сотқа шағым түсіруге мүмкіндік болады", - делінген "Дворянин" жануарлар құқығын қорғау қорының әлеуметтік желідегі парақшасында.