Балабақша бухгалтері 12 млн теңге жымқырған

1 575

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Акимат АстаныШығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында балабақша есепшісі 12 млн теңгені өз шотына заңсыз аударып алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


ШҚО Прокуратурасы «Катюша балабақшасы» КМҚК-ға жүргізілген тексеру барысында есепшінің 3 жыл бойы өзіне артық жалақы мен бонустық төлемдерді есептеп келгенін анықтады.


«Штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру арқылы балабақша есепшісінің өз есепшотына барлығы 12 млн теңгеден астам ақшаны заңсыз аударғаны белгілі болды. Аталған факті бойынша Алтай ауданы прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Соның барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толығымен өтеген», - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.


Сот үкімімен айыпталушы ҚР Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 3-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін) бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектелді.


Үкім толықтай заңды күшіне енді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.