"Мектепке жол" акциясына ҚАЖ қызметкерлері үлес қосты

279

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: ҚАЖД Қызылорда"Мектепке жол» дәстүрлі қайырымдылық науқанына Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінің ұжымы да өз үлестерін қосты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Аталған акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мектепке дайындығына көмек көрсету.           

ЗК-169/5 мекемесінің қызметкерлері  көбалалы  үш отбасының алты баласына  жаңа оқу жылына мектепке қажетті оқу құралдары мен оқушыларға арналған  сөмке алып берді.  Балалардың аналары  мекеме ұжымына ризашылығын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Балалардың жүзіндегі күлкі мен көңілдеріндегі  қуанышты көрген мекеме қызметкерлері  жаңа оқу жылында сабақтарынды үздік  оқып, жақсы азамат болып өсіңдер деп тілегін білдірді.  


 Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.