Қыркүйекте ауа райы қандай болады?

472
"Қазгидромет" РМК синоптиктері қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде, көпжылдық деректер бойынша, үсік қыркүйектің бірінші жартысында, оңтүстік өңірлерде айдың соңында ғана байқалуы мүмкін. Алайда консультативтік болжамға сәйкес, айдың басында елдің солтүстік және орталық аймақтарында топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады деп болжанған.

Қыркүйектің басында циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты елдің батыс, шығыс аймақтарында және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында байқалады. Онкүндіктің соңында Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында күн күркіреп, бұршақ жауып, жел күшейіп, екпіні 15-23 м/с-ға дейін жетеді.

Айдың бірінші онкүндігінде Батыс суық антициклонының, батыс өңірлерге кіруі күндіз ауа температурасының +30+35 градустан +17+25 градусқа дейін төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар, республиканың қалған аумағында Жерорта теңізінің шығыс жағалауынан жылы ауа массаларының оңтүстік-батысқа шығарылуына байланысты республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында ауа температурасының күндіз +13+20 градустан +23+30 градусқа дейін, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +25+32 градустан +28+37 градусқа дейін өзгеруі күтіледі.

Екінші онкүндіктің басында батыс өңірлерден суық антициклон елдің солтүстігі мен орталығына салқын ауа массасын әкеледі. Нәтижесінде ауа температурасы салқындауы мүмкін.

Айдың екінші жартысында  ауа температурасы Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +5+13 градустан -5+10 градусқа дейін, күндіз +20+28 градустан +15+20 градусқа дейін; елдің оңтүстігінде және батысында түнде +7+15 градустан 0,+5 градусқа дейін, күндіз +25+30 градустан +17+22 градусқа дейін ауытқиды.

Синоптиктер бір айға арналған болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін екенін және онкүндік болжамдармен нақтыланатын қос айтты.