"Қазақтелеком" қызметкерлері интернетті өшіреміз деп шу шығарды

525

Алматыда "Қазақтелеком" қызметкерлері жаппай жұмысқа шығудан бас тартып, кеңсе алдына жиналды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Олар еңбекақыны көтеруді талап етіп отыр.

Айлықтарын көтеруді талап еткен бір топ жұмысшы қарсылығы телеграмдағы ORDA каналында жарияланды. Видеода қызметкерлердің қазіргі айлықтарына көңілдері толмайтыны, әлеуметтік көмектердің бұрынғыдай берілмейтіні айтылады.

Бізді әмбебап жұмысшылар тізіміне енгізді. Бірақ соған сай айлық төленбейді. Оқу курстарынан өткен азаматтарға тағы қосымша төленеді деді. Бірақ ол да жоқ. Арасында берілетін премияны да қысқартты. Тіпті сүт беруші еді, оны да жоқ қылды,-деп дабыл қағуда жиналғандар.

Көп ұзамай "Қазақтелеком" жұмысшыларының алдына жауапты мамандар да шықты. Олар бүгінгі талапты қарастырып, нақты шешім қабылдайтынын айтты.

Техникалық бөлімше қызметкерлерінің бір тобы компания кеңсесінің жанында стихиялық жиналыс ұйымдастырып, жұмысқа шықпады. Қазіргі уақытта компания басшылығы келіссөздер жүргізіп, заң аясында бастамашыл топ талабын сай нақты шешім қабылдайды,деді Қазақтелеком.