Алматы облысында 9 жасар баланы бұралқы ит талап тастады

470
Жазатайым оқиға 22 сәуір күні кешкі сағат 19:00-де Жамбыл ауданына қарасты Ақсеңгір ауылы, Атажұрт көшесі 29 үйде болған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Тоғыз жастағы Шәріпжан Халифаны қаңғырып жүрген ит қапқан.

Жамбыл ауданы әкімдігінің мәлімдеуінше, дереу жедел жәрдем шақырылды. Баланың жарақатын таңып, ол Алматы қаласындағы №1 балалар ауруханасына жеткізілді. Қазір Шәріпжан Халифаның қасында анасы Мақпал Алманова бар.

"Баланы қапқан ит 23 сәуірде ұсталып, Ұзынағаш ауылының ветеринария станциясына тоғытылды", - деді Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бақтияр Айталы.

Дәрігерлер баланың жағдайы тұрақты екенін айтты. Бала қазір ақылы бөлімде ем алып жатыр. Ақсеңгір ауылының тұрғындары, еріктілері көпбалалы отбасына көмек қолын созып, ұйымшылдық танытып отыр.

"Биыл ауыл тұрғындарының өтініші және «қаңғыбас иттер туралы» жазбаша өтініштер бойынша арнайы қызметкерлер иттерді аулау жұмысын жүргізген. Нәтижесінде аудан бойынша 469 ит, оқиға болған Ақсеңгір ауылында 30 қаңғырып жүрген ит ауланды", - деді Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бақтияр Айталы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.