Нұр-Сұлтанда автобустар кестесінен кешігіп жатыр
420
Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты автобустар кестесінен кешігіп, жолдарда көлік кептелісі орын алуда-деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Ауа райының қолайсыздығына (қар, тайғақ) байланысты көлік ағының және қоғамдық көліктерінің қозғалыс жылдамдығы төмендеді. Бағдар автобустарының қозғалыс уақытынан кешігуі орын алуда. Қоғамдық көліктерге арналған жолақтар жоқ учаскелерде жүктеме жоғары болғандықтан автобустардың қозғалыс жиілігі айтарлықтай бұзылып отыр. Жолдарда жол-көл оқиғалары жиілеп кетті. Оның ішінде қоғамдық көліктер де бар», - деп атап өтті CTS компаниясының баспасөз қызметінен.
Осыған орай аталған компания жол қозғалысына қатысушылардың бәріне жолда сақ болуға және бағдарды алдын ала жоспарлауға кеңес береді. «Барлық жүргізушілерден жолдарда барынша сақтық танытуға, қауіпсіз арақашықтықты сақтауға, жылдамдық режимін төмендетуге, шұғыл тежегіш баспауға шақырамыз», - делінген таратылған ақпаратта.