Тегін сыйлықтан кейін әйел адам өз атына несие рәсімделгенін білген

1 512

Фото: ©ЖИ көмегімен жасалғанТұрмыстық техника таныстырылған жарнамалық акциядан кейін өз атына несие рәсімделгенін анықтаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Азаматша департаментке тұрмыстық техниканы таныстыруға арналған жарнамалық акцияға қатысқаннан кейін жүгінген. Презентация барысында оған тегін аэрогриль ұтып алғаны хабарланып, сыйлық ретінде мұзын еріткіш құрылғы мен таба берілген. Кейінірек әйел сол шара барысында өзінің атына сатып алу-сату шарты рәсімделіп, Kaspi QR арқылы 406 мың теңге көлемінде несие ресімделгенін анықтаған. Өтінішті қараған департамент мамандары "Қазақстан Республикасының Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес құқықтық көмек көрсетіп, дауды сотқа дейінгі тәртіппен шешуге ықпал етті. Азаматшаға оның құқықтары түсіндіріліп, сатушыға тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заң талаптарын сақтау қажеттігі ескертілген. 

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тараптар сатып алу-сату шартын бұзу туралы келісімге қол қойған. Құжатқа сәйкес шарттық міндеттемелер тоқтатылып, тұтынушының ақшасы қайтарылып, Kaspi QR арқылы рәсімделген 406 мың теңгелік несие толықтай күшін жойған.

“Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңына сәйкес әрбір тұтынушы тауар, оның бағасы, сатып алу шарттары және қаржылық міндеттемелері туралы толық әрі шынайы ақпарат алуға құқылы, – делінген ведомство хабарламасында.

Мамандар кез келген құжатқа қол қоймас бұрын оның мазмұнымен мұқият танысуға, жарнамалық акциялардың ықпалымен асығыс шешім қабылдамауға және даулы жағдайлар туындаған жағдайда өз құқықтарын қорғау үшін уақтылы тиісті органдарға жүгінуге кеңес береді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.