Қызылордада баланы парафинге күйдірген орталыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды

402

Қызылордадағы "Шипалы алақан" массаж орталығының қызметкері сәбиді парафинмен күйдірген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Бұл оқиға жөнінде әлеуметтік желі беттерінде жарияланды. Онда массажист әйелдің сәбиді парафинмен күйдіріп қойғаны айтылады. Бала үшінші дәрежелі күйік алып, ауруханаға жатқызылған.


Қызылорда қалалық полиция басқармасы аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.


"Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету дерегі бойынша) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді", - деп жазылған хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.