Қала әкімінің кабинетіндегі тоңазытқыштан ішімдік табылды

970
Степногорск қаласының әкімі Алпысбай Қайыржановтың жеке кабинетіндегі тоңазытқыштан ащы су табылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Әкімнің жеке кабинетіндегі бейнежазба әлеуметтік желіде тарады. Видеодан Алпысбай Қайыржанов әкімдік ішін таныстырып жүр. Бірақ тоңазытқышты ашқанда ащы су байқалды.

Жоқ, дұрыс түсінбедіңіздер. Бұл бос шөлмек, - деп ақталды әкім бейнежазбада.


Мұнан кейін заман талабына сай жарақталған кондиционер мен кабинет шамдарын жағатын батырма тіпті таңғалдырған. Ал кезекті бір кабинетте жүгіруге арналған техника тұр.

Әкімдік қызметкері ғимараттың 2017-ші жылы ғана жөндеуден өткенін айтады. Десе де, желідегі жұрт бұл бейнежазбаға түрлі пікір қалдыруда. Бірі әкім өз жағдайын жақсылап істеп алған екен дегенді алға тартса, енді өзгелері журналистің зерттеуіне ризашылығын білдірген.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.