Алматы тұрғындары қарыздарын жабуды талап етіп, акция өткізді
381
Алматыда Ұлттық банктік бұрынғы ғимаратының алдында тұрғындар шатыр тігіп, наразылық акциясын өткізді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Көшеде түнемекші болған наразы топ өздерінің баспанасыз қалулары мүмкін екенін жеткізгісі келген. Олар банктің еншісіне өтіп кеткен үйлерін қайтарып беруді немесе қайта қаржыландыру бағдарламасына қосуды талап етті. Кейбірі қарызын мүлде жоюды да сұраған. Басты себеп – несиені уақытылы төлей алмауы.Алматыда Қаржы нарығын дамыту және реттеу Агенттігі алдында наразы топ жиналды. Жылжымайтын мүлкін кепілге қойып несие алған тұрғындар қарыздарын өтей алматынын айтты және мекеме алдында түнеуге де дайын екенін мәлімдеді.
Барлығының оқиғасы ұқсас. Олар несие алған, бірақ кейін қарыздарын өтей алмаған. Мекеме алдында жиналғандардың бірі – Гүлнара Байтұрсынова. Әйел 2007 жылы 7 миллион теңге несие алған. Несиені уақыты төлеп тұрғанын айтады. Алайда 14 жылда сомма мүлде өзгермеген екен. Бұл уақытқа дейін ол тек несие пайызын ғана өтеген. Қазір зейнетке шыққан Гүлнара енді несиені төлей алмаймын дейді.
"Несиені жоюды талап еткеніме осымен екінші жыл. Неге? Өйткені олар "Сіздің зейнетақыңыз 120 мың теңге, несиеті төлей аласыз" дейді", - деп мәлімдеді Гүлнара Байтұрсынова.
Наразылық акциясын өткізгендер мемлекет тарапынан көмек бола ма деп үміттенеді. Мәселелерін билік басындағыларға жеткізу үшін тұрғындар мекеме алдына жиналған.
"Кезінде үйімді кепілге қойып, несие алғанмын. Біраз уақыттан кейін қайта қаржыландыруды ұсынды, алайда бұл ақшаны мен төлей алмадым. Сосын карантин уақытында қайта қаржыландырудың жаңа бағдарламасы бойынша шақырды. Кәмелетке толмаған қызым бар. Мен бардым. Бірақ құжаттарды жинап жатқанымда бізге ескертпестен банк үйді сатып жіберіпті", - дейді Маяна Надирова.
Ипотекалық қарызы барларға арналған қайта қаржыландыру бағдарламасы 2015 жылы басталған. Алты жылда біраз адамның несиесін қайта есептеген, кейбірінің несиесін жартылай жойған. Енді тұрғындар мемлекеттен қарыздарын толық жоюды талап етті. Өзгелері қайта қаржыландыруға рұқсат беруін сұрады. Жиналған топпен Ұлттық банк өкілі де кездескен.
"Кейбір талаптар бойынша қарыз алғандардың бір бөлігі бағдарлама талабына сай келмей қалады. Банктер де, менің ойымша, тұрғындарға түрлі бағдарламаларға қатысу туралы өтініштерін жиі қабылдамай жатады, мұны жасырмаймыз. Қазір барлық қалаларда, облыстарды қайта қаржыландыруға қатысу өтініштерін қарайтын комиссиялар құрылған. Біз олармен әр апта кеңес өткіземіз", - деп мәлімдеді Ұлттық банк Қаржы қызметін пайдаланушылардың құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.
Ұлттық банкте қайта қаржыландыру бағдарламасына барлығы 8 000 адамның қатысқанын айтты. 7 000 адамның мәселесі шешілген, қалғандарының өтінішін жыл соңына дейін қарауға уәде берген.