Қаскөйлер мүгедектігі бар жандарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген

1 608

Ақтауда ерекше қажеттілігі бар жандарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қаскөйлер «Кедергісіз қала» пилоттық жобасын жүзеге асыру барысында анықталған.


Заңсыз әрекеттердің жолын кесу мақсатында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті облыстық прокуратурамен келісе отырып, бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 22 сәуірде құқықбұзушылыққа қатысы бар тұлғалар ұсталды.



"Аталған факті бойынша облыстық полиция департаменті қылмыстық кодексінің 128-бабы 2-бөлігінің 1,6 тармақтары “Адам саудасы” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды”, – деп мәлімдеді облыстық прокуратура.



Олардың мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.