Қызылорда өңірінде «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

1 572

Фото: Облыс әкімдігі2025 жылдың 20 қарашасында Қызылорда облысы ТЖД-не «Дабыл-1001», «Қарғын-2002» шартты белгісі қабылданып, ол туралы облыстың басқару органдарына жеткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сол күні сағат 15:00-де Арал ауданы әкімінің аппаратының ғимаратының мәжіліс залында Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлының, Арал ауданы әкімінің орынбасары Бохаев Нұрмұхамет Омарұлының және облыстағы азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдерінің қатысуымен жиын өткізілді.

Жиынның барысында өңірдегі азаматтық қорғау қызметтерінің «Қыс-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындықтары сарапқа салынды. Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Сыдықов Айдос Мұратұлының жаттығуды өткізуге дайындығы туралы баяндамасы тыңдалды.

Фото: Облыс әкімдігіЖиынды Қызылорда облысының ТЖ департаментінің бастығының орынбасары полковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы қорытындылады.


Қызылорда облысы ТЖД