Әкесінің бауырларынан жүкті болып қалған 13 жасар қыз босанды

1 546

Фото: baku.wsЖамбылда марқұм әкесінің бауырларынан жүкті болып қалған 13 жастағы жасөспірім жүкті болып, босанды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі. 

 Заңгер Ләззат Рақышева желідегі парақшасында бөлісті.Жамбыл облысына іссапармен барған заңгер қызбен арнайы жолыққан. Жазуынша, өз қарындастарын зорлап келген ер адамдардың жасы 35-38 жаста.

«Сапарымызда осы кішкентай қызымызбен жолықтық. Тағдыры өте қиын. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, 1-сыныптан бастап ағалары зорлай бастаған екен. Біздің @onestopservice_1qadam орталықтың адвокаттары оның құқығын қорғайды», - деп жазды ол. 

Еске салсақ, ақпан айында 13 жастағы қызды ұзақ жылдар бойы әкесінің екі бауыры зорлап келгені туралы белгілі болған еді. Зорлық көрген қыз жүкті болып қалған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.