Алматыда оқ атқан тұрғынға қатысты тың ақпарат жария болды

444

Фото: polisia.kzКүзетшіні мылтықпен жаралап, артынша Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешенінде атыс ұйымдастырған ер адам туралы жаңа мәліметтер пайда болды. Белгілі болғандай, ол төрт жыл бұрын Ресейде адам ұрлады деп айыпталып, оның үстінен ағалары шағымданған.
 
Телеарнаның хабарлауынша, ер адамның бауырлары оны өз әкесін ұрлады деп айыптаған. Бірақ іс сотқа дейін жетпеген - белгілі бір себептермен іс жабылып қалған. 

Ал ер адам тұрған тұрғын үй кешенінің тұрғыны "Астана" телеарнасына берген сұхбатында оның басында жарақаты болғанын айтқан. 

"Әйелі одан шамамен 2,5 жыл бұрын кетіп қалған. Біз оның соғысқа қатысқанын, Шешенстанда болғанын білдік. Оның миы шайқалған (контузия). Бәлкім осыдан кейін оның денсаулығында кінәрат болған шығар", - дейді көршілерінің бірі. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.