Қажылыққа заңсыз барғандарға 13,5 миллион теңге айыппұл салынады – ҚМДБ
Сауд Арабиясы корольдігі 2025 жылдың 29 сәуірі мен 10 маусымы аралығында заңсыз және визасыз қажылық жасаған, сондай-ақ оларға көмектескен адамдарға да тыйым салынатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің қажылық бөлімінің дерегінше, қажылықты заңсыз орындап жатқан немесе орындауға әрекет еткен азаматтар көрсетілген уақыт аралығында қасиетті орындарда қалуға немесе зиярат жасауға әрекет еткен барлық түрдегі виза иелеріне 20 мың Сауд Арабиясы риалы немесе 5300 доллары (2 691 499 теңге) көлемінде айыппұл салу белгіленді.
Заңсыз түрде қажылық жасауға әрекет еткен азаматтар, Сауд Арабиясында уақытша тұрған, уақыты аяқталған немесе заңсыз түрде мекендеп отырған азаматтар өз еліне депортация жасалады және олардың 10 жыл Сауд Арабиясына кіруіне тыйым салынады. Қажылық визасы жоқ шетелдік азаматтарды тасымалдаған транспорттар оларға көмектескен азаматтарға тиесілі болса, ол көліктер сот арқылы мемлекет есебіне өткізіледі.
Виза уақыты аяқталса да, Саудия аумағынан шығып кетпеген шет ел азаматтарына 50 мың риал (6 769 983 теңге) көлемінде айыппұл, 6 айға дейін қамау жазасы және депортация жазасы белгіленген.







