Қызылорда көшелерінде тәртіп бұзған жастар көптің ашуына тиді (видео)

1 765

Фото: скриншот из видеоҚызылорда қаласының көшелерінде жеңіл автокөлік жүргізушісі заңды өрескел бұзған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Желіде жүйткіген жеңіл автокөлікті басқарған жас жігіттердің видеосы тарады. Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде қымбат автокөлікті жүргізген жастардың қала ішінде сейіл құрған. 



Telegram желісіндегі танымал пабликтердің бірінде пайда болған видеода бірнеше жас азаматтың былапыт сөз айтып, тәртіп бұзғандарын анық көруге болады. Одан бөлек жастар көліктті қатты жылдамдықпен басқарып, жол ережелерін де өрескел бұзған. Желі қолданушылары жастарды осындай тәртіпсіздіктері үшін сынап тастады. 

"Нағыз мәмбет шоу болыпты ғой",   "Біздің үйдің алдында да дәл осындай оқиға жиі орын алады»,  "Ұят-ай, жастарға не болып бара жатыр өзі?" деп жазған олар. 


Аталған оқиғаға қатысты Қызылорда қаласы полиция департаменті:

«Жарияланған жазба бойынша тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде» деген пікір білдірген. 


Айта кетейік, шерушілер тек жол ережесін бұзып қана қоймай, карантиндік тәртіпке де қайшы әрекет жасаған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.