Түркістанда бір жасар баласын 7 млн теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды

439

Фото: pixabay.comҚалалық прокуратура ұсынған мәліметке сәйкес, 27 жастағы келіншек қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Сәбиді сатуға әрекет жасау қылмысы кезекті мониторинг жүргізу барысында анықталған. 


"Осы материал бойынша сол күні Түркістан қалалық полиция басқармасы Қазақстан Қылмыстық кодексінің 135 бабы 2-бөлігі 12-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдарын бастады. 1994 жылы туған күдікті әйел өзінің 2020 жылы туған баласын сату және 7 млн теңге көлемінде ақша алу кезінде қолға түсті", - делінген хабарламада. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.