МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР – САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУ ҮЛГІСІ

1 489

Фото: Шиелі аудан әкімдігіШиелі ауданында 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні кең көлемде аталып өтіп, мерекеге орай түрлі мазмұндағы шаралар ұйымдастырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аталған күн аясында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен спорттық жарыстар, өнер көрсетілімдері мен марапаттау рәсімдері өткізілді.

Шиелі Индустриалды-аграрлық колледжінің алаңында «Спорт – жан серігің» тақырыбында мемлекеттік қызметкерлер арасында эстафеталық жарыс өтті. Жарысқа қатысушылар қол күрес, арқан тарту, гір тасын көтеру сынды ұлттық және күштік ойын түрлері бойынша бақ сынасты.

Сондай-ақ Шиелі кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде футбол, волейбол, үстел теннисі және бильярдтан турнирлер ұйымдастырылып, қатысушылар салауатты өмір салтын насихаттап, белсенділік танытты.

Шара барысында аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр және аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қаблеш Бекіш құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметтің маңыздылығы мен адал еңбектің қадірі жөнінде тілектерін білдірді.

Мемлекеттік қызметшілер тек қызметте ғана емес, өнер мен спортта да өз қабілеттерін танытты. Жиын барысында олар ән шырқап, флешмоб билеп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Шара соңында жарыс жеңімпаздары мен белсенді қатысушылар аудан әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл игі бастама мемлекеттік қызметшілер арасындағы ынтымақты арттырып қана қоймай, сергек өмір салтын қалыптастыруға да оң ықпал етті.


Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.