Қазақстандықтар балгерлерге 39 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған
Қазақстандықтар балгерлерге ресми түрде ондаған миллион теңге жұмсаған. Статистикалық мәлімет Бірінші кредиттік бюроның Data Hub Telegram-арнасында жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
2023 жылы еліміздегі астрологтар, спириттер және балгерлердің табысы 39,1 млн теңгеге жеткен, барлық сома жеке кәсіпкерлерге тиесілі. Бұл дерек - ҰСБ жүргізген зерттеу деректері.
Айта кету керек, астрологтар мен балгерлерден басқа, статистикада тағы бір тылсым категория – көріпкелдер бар. 2023 жылы олар тек 426 мың теңге ресми табысқа ие болған, олардың барлығы – Абай облысында.