Байқоңырда ғарыш жүк тасығыш кемесі ұшуға дайындалуда

1 560

Фото: Роскосмос«Байқоңыр» ғарыш айлағынан келесі ұшырылым 2024 жылдың мамыр айының соңына жоспарланған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


 Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) «Прогресс МС-27» жүк тасымалдау кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Жұмыстар ғарыш айлағының 254-ші учаскесінің монтаждау-сынау корпусында жүргізіліп жатыр. С. П. Королев атындағы „Энергия“ зымыран-ғарыш корпорациясының мамандары ғарыш жүк көлігі электрмен жабдықтау жүйесінің күн батареяларын тексерді. Сонымен қатар, жүктер мен жабдықтарды ХҒС-қа жеткізуге дайындау жалғасуда», — деп хабарлайды Роскосмостың баспасөз қызметі.


Қазіргі уақытта ХҒС-та Роскосмос ғарышкерлері Олег Кононенко, Николай Чуб, Александр Гребенкин, сондай-ақ американдық астронавтар Лорал О’Хара, Мэттью Доминик, Майкл Барратт және Дженнет Эппс жұмыс істеп жатыр. 


«Прогресс МС-27» жүк кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран тасығышын «Байқоңыр» ғарыш айлағының 31-ші алаңынан ұшыру 2024 жылғы 30 мамырда Астана уақытымен сағат 14:42–де жоспарланған.