Полицей мен оның досы көліктен өлі табылды

1 844

Фото: KazinformАқмола облысы Есіл қаласында көліктен екі ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Есіл ауданы әкімдік өкілдерінің хабарлауынша 5 наурызда таңғы сағат 07.45-те Есіл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғынынан көлік жуу орнында көлікте екі адамның мәйіті жатқаны хабарлама түскен.


Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары шын мәнінде Audi A6 көлігінен қайтыс болған екі ер адамды тапты. Олардың бірі 27 жастағы полиция қызметкері болса, екіншісі (28 жаста) оның досы екені мәлім болды.


Зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталы жатыр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.