Үйінде жанжал шығарғандар енді көше сыпыратын болады

240
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайтудың амалы ретінде кінәлілерді қоғамдық жұмысқа тарту керек деді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


«Бұрын Конституция бізге әкімшілік құқықбұзушылықтарды жасаған адамды қоғамдық жұымстарға тартуға рұқсат бермейтін. Өйткені Конституцияда мәжбүрлі еңбек тек сот шешімімен міндеттелетіні жазылған. Ата заңға енгізілген соңғы өзгерістер бізге бүгінгі таңда әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдарды қоғамдық жұмыстарға тартуға мүмкіндік беріп отыр. Қазір Әділет министрлігі бізге ол адамдардың қандай қоғамдық жұмыстарды атқаратынын, қандай баптар бойынша ол міндетті болатынын айқындап беруі керек. Біз осы ретте тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жауапкершілікке тартылған азаматтарды қоғамдық жұмыстарға тарту бастамасын көтеріп отырмыз», - деді Марат Ахметжанов үкімет кулуарында.

Оның айтуынша, әзірге бұл жазаны енгізу үшін заңнамалық тұрғыда өзгерістер қажет.

«Премьер-министрге ұсыныс енгіздім. Әкімдер өз аймақтарында қандай жұмыстарға оларды тартуға болатынын көрсетуі керек. Жаңа біздің ұсынысымыз бойынша, көше тазалауға тарту мәселесі. Бәлкім, 10-15 күнге. Әділет министрлігі заңнаманы әзірлейді», - дейді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.