ҰҚК 14 өңірде террористік қауіптің қызыл деңгейі алып тасталғанын хабарлады

481
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары және 12 облыста лаңкестік қауіп деңгейі төмендегенін және террористік қауіптің қызыл деңгейі алып тасталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазірде Қазақстан Республикасының 14 өңірінде жағдай тұрақталған.

"Осы себепті терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық жедел штаб (РЖШ) Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары аумағында терроризмге қарсы операция аяқталғанын және террористік қауіптің шекті "қызыл" деңгейі жойылғаны туралы хабарлайды.

Бұл ретте, Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар іске асырылып жатыр. Тиісінше осы өңірлерде терроризмге қарсы операция жалғастырылып, террористік қауіптің шекті "қызыл" деңгейі сақталады", - делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.