Жетісулық тұрғын әкімдік берген мектеп формасына шағымданды

272

Жетісу облысы Кербұлақ ауданының тұрғыны әкімдіктің қызына үлкендерге арналған мектеп формасын бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 

Фото: скриншот из видео


Әйелдің сөзінше, әлеуметтік көмек алу туралы өтінішке қызының өлшемін дұрыс жазған. Алайда үлкен форма берілген. 


"Мынаны мектепке қалай киюге болады? Бұл – 38 мың теңгеге берілген киім. Неге ақшаны қолға бермейді? Бала қалай мектепке барады?" – дейді әйел.


Ал Жетісу облыстың білім басқармасының басшысы Айжан Адамбекова бұл оқиғаға қатысты пікір білдіруге әлі ерте екенін мәлімдеді. 


"Қазір пікір білдіре алмаймын. Алдымен бұл біздің берген киімдер екенін анықтау керек", – деді ол.  


Еске салайық, осыған ұқсас жағдай туралы Атырау тұрғыны мәлімдеген еді. Тұрғын 1-сыныпқа баратын ұлына ересектерге арналған киімнің берілгенін айтқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.