Ашулы тұрғындар Алматы-Талғар тас жолын жауып тастады

280
Ол бір күнде құбырдың бірнеше рет жарылғанын, алайда апат жойылып, жуық арада пәтерлерге су берілетінін хабарлаған. "Сіздердің іс-әрекеттеріңіз қандай болады? Енді не істейсіздер", - дейді мұндай оқиғаның қайталанбайтынынан үміттенген тұрғындар. Бұған жауап берген ер адам бүгін осы мәселенің талқыланатынын айтады. Осы ретте бұл жайтқа қатысты Алматы облысы полиция департаменті пікір білдірді. Ведомствоның мәліметінше, 11 шілде күні сағат 22:58-де Бесағаш ауылындағы "Нұрия" тұрғын үй кешенінің 80 шақты тұрғыны Алматы-Талғар тас жолын жауып тастаған."Бұған ауыз судың жоқтығы себеп болған. Жергілікті атқарушы органдар түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқиға орнына келген Талғар аудандық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері адамдардан тарауын өтініп, қозғалысты қалпына келтірді. Қандай да бір қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ", - дейді ведомство.