Әйелі мен баласын өлтірген ер адамға сот үкімі шықты
Қостанай облысы Аманқарағай ауылында ер адам әйелі мен баласын пышақтап өлтірген,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға былтыр қыркүйекте болған. Аманқарағай ауылының тұрғыны өз үйінде әйелі мен баласын пышақтап өлтірген.
Осы уақытта әйелі оянып кетіп, ұлына араша түскен. Алайда сотталушы сол пышақпен оның денесіне бірнеше рет соққы жасаған.
Қылмыстық істі Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады. Сотталушыға екі адамды, оның ішінде көрінеу кәмелетке толмағанды өлтіру фактісі бойынша Қылмыстық Кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1), 14) тармақтары бойынша айып тағылды.
Сотталушының үлкен ұлы анасы мен інісін енді қайтара алмайтынын, бірақ әкесіне ауыр жаза қолданбауды сұраған. Ал сотталушы ұлы мен жұбайын өлтіру ниеті болмағанын, туыстарына пышақ жарақатын салу кезінде шок күйінде болғанын айтқан.
Сот үкімімен ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.







