Екі рет егіз босанған ана дүниеге үшем әкелді

1 500

Фото: Шымкент қаласының денсаулық басқармасыШымкентте екі рет егіз босанған ана дүниеге үшем әкелді. Осылайша, жас отбасындағы бала саны онға жетті, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

17 қыркүйекте Шымкент қалалық перинаталдық орталығында үшем кесар тілігі арқылы дүниеге келген. Сәбилердің екеуі - қыз, біреуі - ұл. Альсия, Сафия және Аймұхаммед есімді балалардың туған кезде салмағы аз болып, жансақтау бөлімінде жатқан.

Мерзімінен бұрын туған сәбилерге алғашқы күннен бастап ем қабылдады. Кейін арнайы күтім бөліміне ауыстырылып, дәрігерлердің жіті бақылауында болған. Сәбилердің жағдайы жақсарып, салмақтары біртіндеп артқан. Қазір олардың денсаулығы жақсы, салмақтары екі келіден асып, үйіне шығарылды.

Оларды 7 бауыры күтіп алды. Балалардың анасы үй шаруасымен айналысады, әкесі жеке кәсіпкер.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.