Сүйіктісін көлікпен басып өлтірген жігітке сот үкімі шықты

1 555

Фото: видеодан скриншотСемейде сүйіктісі Диана Сүлейменованы көлікпен басып өлтірген 32 жастағы Александр Галушкин ісі бойынша сот шешімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиға былтыр 15 желтоқсанда болған. Кездесу кезінде Александр мен Диананың арасында кикілжің болған. Ішімдік ұрттаған азамат ашуға булығып, көлігінің капотында отырған сүйіктісін ұшырған күйі басып өткен. Болған оқиғадан кейін 33 жастағы Диана Сүлейменова комаға түсіп, артынша көз жұмды.


Сот күдіктіні қылмыстық кодекстің «Өлімге алып келген денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша кінәлі деп тапты. Ол 9,5 жылға бас бостандығынан айырылды.


Одан жәбірленуші тараптың пайдасына 12 млн теңгеден астам – материалдық залал мен моральдық зиянды өндірілді.


Сот ауырлататын және жеңілдететін жағдайлардың жоқтығын, ер адамның оң сипаттамасын, соттылықтың жоқтығын және кінәні ішінара мойындауды ескерді.


«Мен жасаған қылмыстан жалтармаймын, жазамды аламын. Бірақ мен алға тартқан дәлел-дәйектерді ескере отырып, үкім шығаруыңызды сұраймын», - деді айыпталушы.


Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.