Қаржы пирамидасына 3 миллиард теңге жинаған 25 алаяқ сотталды

248

Қаржы пирамидасына қатысты іске сот нүкте қойды. 25 адам  Қазақстанның 6 облысында 2 мыңнан астам адамнан қаржы жинаған, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz. ке сілтеме жасап

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің мәліметінше, қаржы пирамидасына қатысты Түркістан облысы полицейлері тергеген 2 мыңнан астам жәбірленушінің ісі сотта қаралды.

«Полицияға 2020 жылдан бастап Evolution Corporation мен «Индиго 24» ЖШС қаржы пирамидасына қаржы салған 6 өңірдің тұрғындарынан арыз түскен. Бір жылдан астам уақыт тергеу жүргізілді. Полиция 25 адамды ұстады. Олардан компьютерлік техника, жылжымалы және жылжымайтын мүліктер тәркіленді», деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.


Полицейлер мен прокурорлар 15 түрлі сараптама жасаған.

«Алаяқтық жолмен 3 миллиард теңгеден асатын қаражатты иемденген. Тәжірибелі тергеушілер мен прокурорлардың келісімімен айыптау актісімен 1 000 томдық қылмыстық іс сотқа жолданды. Қаржы пирамидасын ұйымдастырған 3 құрылтайшы – 12 жылға, 5 орынбасары – 10 жылға, 17 күдікті 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың ең үлкені 55 жастағы әйел болса, ең жасы – 31 жаста», – деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бұған дейін Алматыда қаржы пирамидасына ақша салған әйел Астанаға келіп, министрліктің алдында өзін-өзі өртеген болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.