Алматы облысында газ жарылып, 1 адам көз жұмды

221

Қайғылы жағдай 31 тамыз күні Іле ауданының Өтеген батыр кентінде болған деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.


PolpanInsulation ЖШС зауытының жылу оқшаулағыш плита өндіретін ғимаратында 50 шаршы метр алаңда қабырға қаптамасы өртенген.


Оқиға орнына дереу жеткен мамандар 50 шаршы метр алаңда екі қабатты ғимарат қабырғасының қаптамасы жанып жатқанын, сондай-ақ жарылыс салдарынан ғимараттың шатыры мен қабырғасының опырылып құлағанын анықтады. Оның жалпы ауданы 1 250 шаршы метр.


Өрт сағат 10.35-те ауыздықталып, сағат 10.50-де сөндірілді. Жалпы ауданы 50 шаршы метр, – делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Ресми ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай салдарынан 5 адам орташа ауыр жарақат алып, бір адам көз жұмған.


Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 15 қызметкері мен 4 техникасы, сондай-ақ полиция қызметкерлері, 3 жедел жәрдем бригадасы және басқа да өзара іс-қимыл қызметтері қатысты. Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр, – деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.