Қараусыз қалған ғимараттан нәрестенің мәйіті табылды

1 538

Фото: freepik.comАлматы облысында қараусыз қалған ғимараттан ұл баланың өлі денесі табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Нәресте Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылынан табылған. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

«Жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен анасы ұсталды. Қазір әйел ауруханаға жатқызылды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тексеру жүргізіліп жатыр», деп хабарлады ведомство.


Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес аталған іске қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.