Қызылорданың өнімдері әлемнің қанша мемлекетіне экспортталды

219
Қызылорданың өнімдері әлемнің 20 мемлекетіне экспортталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысында статистикаға сәйкес биылғы жылдың 1 тамызына дейін аймақта 32,2 млн. долларды құрайтын 60 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері, оның ішінде күріш, балық өнімдері, бидай қалдығы, қамыс экспортталған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 157 пайызды құрап отыр.

Сыр өңірінің өнімдері әлемнің 20 мемлекетіне экспортталды. Барлық экспортталған өнімнің 91,4 пайызын құрайтын облыстың негізгі дақылы - күріш өнімі. Өңірдің негізгі дақылы Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Моңғол мемлекеті, Тәжікстан, Түркмения, Украина, Грузия, Литва, Түркия және Ирак елдеріне экспортталып отыр.

Жыл басынан бері 54,8 мың тонна күріш өнімі экспортталып, былтырғы жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 148,6 пайызға артты.
Сондай-ақ, облыстан Ресей, Әзербайжан, Польша, Грузия, Венгрия, Литва, Германия, Чехия, Нидерланды және Австрия мемлекеттеріне 2 051,5 тонна  балық, Германия, Дания және Нидерланды мемлекеттеріне 1 921,7 тонна  қамыс, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстанға 1046,8 тонна бидай қалдығы және Ресей мемлекетіне 120,0 тонна қызанақ жөнелтілді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.