Жасөспірім бес жасар баланың бетін пышақпен тілген

1 445

Фото: Видеодан скриншотЖеліде Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде бақылау камерасынан видео пайда болды, онда бес жасар баланың бетін кескен жасөспірім түсіп қалған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Астанада жасөспірім бес жасар баланың бетін кескілеген. Одан соң тағы бір күшкентай қызға шабуылдамақ болды.

Кадрларда жасөспірім лифт жабылуына жол бермей, қыздың кетуіне кедергі келтіргені көрінеді. Ол пышақты шығарып, балаға кеземек болады. Бірақ ол бірдеңеден сескеніп, пышақты тықпайды. 

Ал беті кесілген бес жасар бала №2 қалалық көпсалалы балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды. Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің хабарлауынша, балаға қан кетуін тоқтату үшін ота жасалған. Отадан кейін жағдайы қалыпты. Дегенмен пышақ жарақаттарынан кейін жалпы жағдайы ауыр деп бағаланады.

Астана полиция департаменті кәмелетке толмаған қаскүнемнің заңды өкілі ата-ана міндетін дұрыс орындамағаны үшін бұған дейін де жауапқа тартылғанын хабарлады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.