Қатты желден автобус аударылып қалды

1 351

Фото: Видеодан скриншотБүгін сағат 08:54 шамасында республикалық маңызы бар Бастау — Ақтау — Теміртау автожолында, Петровка ауылының маңында Ботақара — Қарағанды бағыты бойынша жүріп бара жатқан №84 маршруттық автобус аударылып қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жолаушыларға полицейлер көмек көрсетті.

Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаға қатты желдің екпіні себеп болды. Оқиға болған сәтте автобустың ішінде 17 жолаушы болған. Зардап шеккендер жоқ.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жылдам жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті. Олардың өтіп бара жатқан көліктермен үйлеріне жетуіне атсалысты. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.