Балабақшаға ешқашан бармаған бөбектер үшін қазынадан заңсыз ақша алған

1 543

Фото: pixabay.comҚордай ауданында балабақша басшылығы мектепке дейінгі ұйымға мүлдем келмеген балалар үшін 45,2 млн теңге көлеміндегі  бюджет қаражатын талан-таражға салған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.     


Жамбыл облысының прокурорлары ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісін тексеру кезінде анықталған.

"Қордай ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыруға арналған 45,2 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру анықтады. 2025 жылғы 11 наурызда ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісі аудан прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен тіркелді", – делінген хабарламада.

Тергеп-тексеру Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне тапсырылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.