Қаржы пирамидасына 3 миллиард теңге жинаған 25 алаяқ сотталды

251

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.


Қаржы пирамидасына қатысты іске сот нүкте қойды. 25 адам  Қазақстанның 6 облысында 2 мыңнан астам адамнан қаржы жинаған, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz. ке сілтеме жасап

Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбектің мәліметінше, қаржы пирамидасына қатысты Түркістан облысы полицейлері тергеген 2 мыңнан астам жәбірленушінің ісі сотта қаралды.

«Полицияға 2020 жылдан бастап Evolution Corporation мен «Индиго 24» ЖШС қаржы пирамидасына қаржы салған 6 өңірдің тұрғындарынан арыз түскен. Бір жылдан астам уақыт тергеу жүргізілді. Полиция 25 адамды ұстады. Олардан компьютерлік техника, жылжымалы және жылжымайтын мүліктер тәркіленді», – деді ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.


Полицейлер мен прокурорлар 15 түрлі сараптама жасаған.

«Алаяқтық жолмен 3 миллиард теңгеден асатын қаражатты иемденген. Тәжірибелі тергеушілер мен прокурорлардың келісімімен айыптау актісімен 1 000 томдық қылмыстық іс сотқа жолданды. Қаржы пирамидасын ұйымдастырған 3 құрылтайшы – 12 жылға, 5 орынбасары – 10 жылға, 17 күдікті 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушылардың ең үлкені 55 жастағы әйел болса, ең жасы – 31 жаста», – деді Шұғыла Тұрлыбек.

Бұған дейін Алматыда қаржы пирамидасына ақша салған әйел Астанаға келіп, министрліктің алдында өзін-өзі өртеген болатын.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.