Қызылорда облысында келінін балағаттаған ене 10 тәулікке қамалды
Қызылорда облысында келінін балағаттаған әйел жазаланды. Оған бірнеше тәулікке қамауға алу және алкогольді ішімдік тұтынуына тыйым салу жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Сотта әйел үйіне сырттан мас болып барып, адамдарды сыйламай, келініне балағат сөздер айтып, отбасының шырқын бұзғаны анықталды. Ол бұған дейін 2024 жылы 11 сәуірде осыған ұқсас әрекеті үшін ӘҚБТК-нің 73-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, ескерту алса да одан еш нәтиже шығармай, құқықбұзушылықты қайталап отыр.
Сотта жәбірленуші мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын атап көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.