Кәсіпкер жұмысқа шетелдіктерді заңсыз тартқан

1 514

Фото: ©ІІМШымкентте шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған кәсіпкер анықталды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі  Massaget.kz   сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласында полиция қызметкерлері заңсыз миграция арналарының жолын кесу және адам саудасының алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізген.

Тексеріс барысында кәсіпкерлік нысандарының бірінде 20 шетелдік көші-қон заңнамасын бұзып, тиісті рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеп жүргені анықталған.

Жалпы жүргізілген іс-шара барысында Қазақстан Республикасының аумағына кіру, шығу және онда болу қағидаларын бұзудың 100-ден астам дерегі анықталған. Әрбір жайт бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданған. Полиция шетел азаматтары мен оларды жұмысқа тартатын жұмыс берушілерге көші-қон заңнамасын сақтау міндетті екенін еске салады. Белгіленген талаптарды бұзу заңмен көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

"Бұл дерек бойынша жинақталған материалдар әкімшілік сотқа жолданды. Сонымен қатар, заңсыз жұмыс күшін пайдаланғаны үшін кәсіпкер жауапкершілікке тартылды", - деді ІІМ өкілдері.