9 айда 10 000-ға жуық жол-көлік апаты тіркелген

1 537

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бас прокуратура соңғы 9 айда елімізде 9,8 мыңнан астам жол-көлік апаты тіркелгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жол-көлік оқиғасының салдарынан 1,6 мың адам қаза тауып, 14 мың адам зардап шеккен.


Жыл басынан бері Алматы қаласында – 2556, Алматы облысында – 961, Жамбыл облысында – 695, Түркістан облысында – 616, Астана қаласында – 570 жол-көлік оқиғасы болған. Жылдамдықты асырудың – 2 381, жаяу жүргіншіге жол бермеудің – 1 473, жол белгілерін сақтамаудың – 380 фактісі тіркелген.


Апаттың 88%-дан астамына жүргізушілер (8 703) кінәлі екені анықталды. Көлік басқару кезінде 305 жүргізуші алкогольге және есірткіге мас болған.


«Осы ретте автокөліктің техникалық жай-күйін қауіпсіздік талаптарына сәйкестендіру, уақытылы қысқы шина салдыру, белгіленген жылдамдық режимін сақтау, жолда өте мұқият болу, жол ережесін сақтау қажеттігін еске саламыз. Қысқы кезеңде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шинамен жабдықталмаған көлікті пайдалануға тыйым салынады. Техникалық регламенттердің талаптарына жауап бермейтін көлік құралдарын басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделеді және 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады», – деп ескертті Бас прокуратура.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.