Ұлттық ұланда борышын өтеп жүрген сарбаз анасын танымай қалды
258
Астанадағы Ұлттық ұлан әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген сарбаз ауруханаға түсті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Дина Жүсіпова ұлының оған сенбейтінін айтады. Сондықтан не болғанын ашып түсіндірмейді екен.
Сарбаз ауруханаға жексенбі күні түскен, сол күні-ақ ата-анасына оның жағдайы туралы ескертіліпті. Дина Жүсіпова Астанаға дүйсенбі күні келгенімен, ұлын тек кешке ғана көріпті. Сөзінше, дәрігерлер ұлына не болғанын білмейді.
Әскери бөлімде сарбаздың кешкі астан кейін баспалдақпен көтеріліп келе жатып есінен танғанын айтады. Ұрып-соғу дерегін жоққа шығарып отыр. Бөлім командирінің орынбасары сарбазға "талма синдромы" қойылғанын мәлімдеді.
Дина Жүсіпова ұлының оған сенбейтінін айтады. Сондықтан не болғанын ашып түсіндірмейді екен.
Ол мені танымайды. Маған сенбейді, ашылып айтпайды. Мен ұлымды, сарбазды борышын өтеуге жібердім, ауруханада жату үшін емес. Мүгедек болып қалды деуге болады. Ештеңені түсінбейді, – деді анасы Дина Жүсіпова.
Сарбаз ауруханаға жексенбі күні түскен, сол күні-ақ ата-анасына оның жағдайы туралы ескертіліпті. Дина Жүсіпова Астанаға дүйсенбі күні келгенімен, ұлын тек кешке ғана көріпті. Сөзінше, дәрігерлер ұлына не болғанын білмейді.
Ернар сені біреу ұрды ма? Сержант ұрды ма? Айтшы, мен саған көмектесемін. Жағдайы осындай, – дейді ол.
Әскери бөлімде сарбаздың кешкі астан кейін баспалдақпен көтеріліп келе жатып есінен танғанын айтады. Ұрып-соғу дерегін жоққа шығарып отыр. Бөлім командирінің орынбасары сарбазға "талма синдромы" қойылғанын мәлімдеді.
Денесі тексерілді, ешқандай жарақат анықталған жоқ. Болған жағдай туралы сарбаздың ата-анасына және құзырлы органдарға ескертілді. Қазір бөлім ішінде қызметтік тексеріс, тергеу жүріп жатыр, – деді Ұлттық ұлан №5575 әскери бөлімі командирінің орынбасары Айдарбек Жүсіпбеков.