Екі көлікпен жолға шыққан 12 адам із-түссіз жоғалып кетті

197
Түркістан облысының тауларында 12 адам жоғалып кеткен, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




2023 жылдың 5 қаңтарында сағат 10:00-де Түркістан облысы ТЖД 112 пультіне Бәйдібек ауданы Байжансай тауына екі авто көлікпен жолға шыққан адамдардың жоғалғаны туралы хабарлама түскен, – деп хабарлады ТЖД. 


Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департамментінің құтқарушылары мен техникасы жұмылдырылған. Сондай-ақ ТЖМ тікұшағын іске қосуды жоспарлап отыр. 

Жоғалған адамдар соңғы рет 2023 жылдың 3 қаңтарда сағат 16:00-де туыстарымен байланысқа шыққан. Өтініш берушінің айтуынша, жоғалған адамдар 3 қаңтар күні Шымкент қаласына қайтулары керек болған, – делінген хабарламада.

Бұл ретте Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаменті дауыл жөніндегі ескертулерге құлақ асу қажет екенін ескертті. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.