Екі жасөспірім скутермен КамАЗ-ға соғылып, мерт болды

1 937

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Е.БазарқұлПавлодарда 9-сыныптың екі оқушысы скутермен КамАЗ-ға соғылып, мерт болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Massaget сайтына сілтеме жасап.


Оқиға Павлодар-Ақсу бағытындағы Нұрлы жол көпірінде болған. Скутерге мінгесіп алған екі жасөспірім жол шетінде тоқтап тұрған жүк көлікке соғылған.


Қатты соққыдан артқы орындықта отырған жасөпірім оқиға орнында көз жұмса, рөлді тізгіндеген бала ауруханада жан тапсырды. КамАЗ маркалы жүк көлігінің жол жөндейтін компанияға тиесілі екені белгілі болды.


"Павлодар-Ақсу тасжолында болған жол көлік оқиғасы салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі мен оның жолаушысы қайтыс болды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды”, - дейді Павлодар облыстық ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафин.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.