Қызылордада туристерге арналған QR-кодты туркарталар таратылды

2 266

Фото: ҚР ІІМҚызылорда облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы өңірге келген шетелдіктерге «Safetravel.kz» мобильді сайтының мүмкіндігін таныстырып жүр. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Аталған сайт Ішкі істер министрлігінің бастамасымен елімізде шетелдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың Қазақстан аумағында еркін әрі қауіпсіз жүруіне жағдай жасау мақсатында іске қосылған болатын.

— Департаменттің көші-қон қызметі басқармасы өңірге келген шетелдіктерге QR коды бар туристік карта таратады. Онда туристерге қажет барлық маңызды ақпарат — шұғыл байланыс, қауіпсіздік ережелері, мемлекеттік қызмет алу тәсілдері көрсетілген. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірге халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетелдіктерге қызмет көрсету барысында туристік карталар таратылып, сайтпен жұмыс істеу тәртібі түсіндіріледі, — делінген хабарламада.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.