Қызылордалық полицей каратэден әлем чемпионы атанды

2 382

Фото: Polisia.kzДүниежүзілік спорт додасына 50-ден астам мемлекеттен өкілдер қатысқан.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы, полиция аға лейтенанты Кемелбек Қабланбек Египет астанасы Каирде каратэден ересектер арасында өткен Әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қызылордалық тәртіп сақшысы Армения, Ресей, Египет спортшыларымен сынға түскен.

Айта кетейік, полицейдің жасы – небәрі 24-те, спорттың бұл түрімен 2009 жылдан бері айналысып келеді. Жасөспірімдер арасындағы ел чемпионы, Азия, Әлем чемпионаттарының жүлдегері болған. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.