Ақорда Ұлттық құрылтайдың алдында суреттер жариялады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен сәлден соң Бурабайда Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ұлттық құрылтайдың IV отырысы биыл Бурабайда өтеді.
Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.
Құрылтай отырысына ғалымдар, депутаттар келген.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган.
Бұған дейін Ұлттық құрылтайдың үш отырысы өтті:
- І Ұлттық құрылтай 2022 жылы Ұлытау облысында өтті.
- ІІ Ұлттық құрылтай 2023 жылы Түркістан қаласында өтті.
- ІІІ Ұлттық құрылтай 2024 жылы Атырауда өтті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!